Қазақстан мен Чехия жеке деректерді сатумен айналысқан халықаралық желінің көзін жойды

17.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан ІІМ ҰҚК-мен, прокуратура органдарымен және Чехия полициясымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция нәтижесінде қазақстандықтар мен ТМД елдері азаматтарының дербес деректерін заңсыз таратумен айналысқан халықаралық арнаның көзін жойды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан ІІМ ҰҚК-мен, прокуратура органдарымен және Чехия полициясымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция нәтижесінде қазақстандықтар мен ТМД елдері азаматтарының дербес деректерін заңсыз таратумен айналысқан халықаралық арнаның көзін жойды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Жандос Сүйінбайдың мәліметінше, ұзақ уақыт бойы жүргізілген жедел өңдеу, мұқият жоспарлау және құқық қорғау органдарының үйлесімді іс-қимылы халықаралық деңгейде жұмыс істеген қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеуге және тоқтатуға мүмкіндік берді.

"Биыл Усти-над-Лабем (Чехия Республикасы), Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында қылмыстық іске қатысы бар адамдардың тұрғылықты жерлері бойынша бір мезетте тінту жүргізілді. Тергеу амалдары барысында заңсыз әрекеттердің дәлелі бар көптеген цифрлық тасымалдағыш, сондай-ақ қолма-қол ақша тәркіленді", - деп түсіндірді ол.

Ведомствоның мәліметінше, қаскөйлер қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстан мен іргелес мемлекеттер азаматтарының дербес деректері орналастырылған жабық интернет-ресурс құрған.

"Топ ішінде нақты иерархия болған: әр қатысушы қылмыстық схеманың үйлестірушілерінен бастап, дербес деректерді "анықтап беруге" (пробив) тапсырыс қабылдайтын және өңдейтін операторларға дейін өз рөлін атқарған. Заңсыз алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дроп-аккаунттар пайдаланылған", - деп нақтылады министрлік.

Заңсыз қызметтердің түрлеріне, соның ішінде бір реттік сұраныстар мен ресурсқа абоненттік қолжетімділікке арналған прейскурант бекітілгені көрсетілген. Қылмыстық схеманың ұйымдастырушылары делінген адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес, дербес деректерді заңсыз тарату арналарын анықтау және жою, сондай-ақ отандастардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау бойынша кешенді шараларды жалғастыратынын атап өтті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью