Қазақстан мен Чехияның авиациялық ынтымақтастығы артады

30.04.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіп кооперациясын дамытуға, сондай-ақ машина жасау, көлік, энергетика, ІТ, авиация өнеркәсібі және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға назар аударылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Форум барысында ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ және Чехия Республикасының жетекші авиациялық компанияларының бірі  OMNIPOL арасында  авиациялық техника саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар әуекемелерінің техникалық параметрлерін, конфигурациясын және пайдалану шарттарын нақтылау бағытында бірлесіп жұмыс жүргізетін болады. Бұл меморандум екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанның авиациялық-құтқару әлеуетін дамытуға жаңа серпін береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью