Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азияда өңірлік электр энергиясы нарығын құру мәселесін талқылады

30.04.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Келіссөздер барысында тараптар энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Дүниежүзілік банк Қазақстанның энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымын жаңғыртудағы негізгі серіктестерінің бірі болып қала беретіні атап өтілді.

Сондай-ақ банк еліміздің энергетика саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға дайын екенін растады.
Кездесу аясында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Дүниежүзілік банкпен бірлесіп 12 коммуналдық кәсіпорын үшін жылу және электр энергетикасын дамыту бойынша Жол карталары әзірленді.

Халықаралық сарапшылардың талдауы мен өңірлерге жасаған миссияларының нәтижесінде дайындалған құжаттар инвестициялар тартуға, цифрландыру мен саланы автоматтандыруға бағытталған. Осы құжаттар негізінде қаржыландыру параметрлері, оның ішінде PforR механизмі қалыптастырылуда.

Сонымен қатар REMIT бағдарламасы аясындағы өңірлік интеграция және электр энергиясымен сауда мәселелері талқыланды. Бұл бастама өңірлік электр энергиясы нарығын кезең-кезеңімен қалыптастыруға және елдер арасындағы интеграцияны күшейтуге бағытталған. Алғашқы кезеңде «тәулік бұрын» моделіне негізделген пилоттық өңірлік нарықты іске қосу жоспарлануда. Бұл Орталық Азия елдеріне қолданыстағы энергожүйелерге айтарлықтай өзгерістер енгізбей-ақ теңгерімдеуші электр энергиясы көлемдерімен сауда жасауға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынш, тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және Қазақстанның энергетика саласын орнықты дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью