Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) "Антиконтрафакт-2026" халықаралық форумына дайындық жұмыстарын аяқтап қалды, деп хабарлады ЕЭК.
Іс-шара 28 мамыр күні Астанада өтеді. Форумды ұйымдастырудың негізгі мәселелерін ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов пен Қазақстан әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова талқылады.
"Біз форумның бағдарламасын келістік. Онда Еуразиялық экономикалық одақ аясында контрафактілік және заңсыз өнімдердің таралуына қарсы күрестің өзекті бағыттары қамтылған. Атап айтқанда, зияткерлік меншік нысандарын қорғау процестерін цифрландыру, тауарларды таңбалау, техникалық реттеу шаралары және тұтынушылар құқығын қорғау тетіктері қарастырылады", – деді Бақыт Сұлтанов.
Сондай-ақ ол форум 2026 жылы Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы аясында өтетінін айтты. Биыл оның негізгі тақырыбы ЕАЭО ішкі нарығын контрафактілік өнімдерден қорғаудың цифрлық құралдары болмақ.
© Photo : Пресс-служба ЕЭКЕЭК министрі Бақыт Сұлтанов пен Қазақстан әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың кездесуі
ЕЭК министрі Бақыт Сұлтанов пен Қазақстан әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың кездесуі
© Photo : Пресс-служба ЕЭК
"Антиконтрафакт" форумы – ЕАЭО-ның жыл сайын өтетін іскерлік алаңы. Ол Одақ органдарына төрағалық ететін мемлекеттерде кезекпен ұйымдастырылады. 2026 жылғы форум бағдарламасына пленарлық отырыс пен он пікірталас сессиясы енгізілген.
Sputnik Қазақстан – XIV халықаралық "Антиконтрафакт-2026" форумының бас серіктесі.