Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы жеті айда 2,6 млрд доллардан асты

29.09.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.

© Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

© Пресс-служба президента Казахстана

Тоқаев 2025 жылы екіжақты тауар айналымы 4,5 миллиард долларға жеткенін атап өтті.

"Биыл да оң қарқын сақталып отыр. Жыл басынан бергі 7 айда өзара сауданың көлемі 2,6 миллиард доллардан асты. Қазақстанда неміс капиталы бар 1400-ден астам компания тіркелген. Жиырма жыл ішінде Германиядан тартылған инвестицияның жалпы көлемі 8 миллиард долларды құрады", – деді Қазақстан президенті.

Келіссөз барысында екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мәселесіне айрықша мән берілді. Атап айтқанда, мемлекеттер басшылары білім, медицина және мәдениет салаларындағы ықпалдастықты одан әрі жандандыруға бейіл екенін растады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью