24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстан мен Германия шикізат секторындағы стратегиялық әріптестікті нығайтты.
Берлинде Германия мемлекеттік органдарының, ғылыми және сараптамалық орталықтардың және іскерлік қауымдастықтардың 50-ден астам өкілі бас қосып, бірлескен жаңа жобалар талқыланды. Қазір Германия инвестицияларының 90 пайыздан астамы Қазақстанның өңдеуші секторына бағытталған. Енді тараптар арасындағы ынтымақтастық шикізат пен технология айырбасы арқылы дамиды.
Михаэль Хармс, Германия экономикасы шығыс комитетінің атқарушы директоры:
- Қос елдің қарым-қатынасы жақсы дамып келеді. Қазақстанды стратегиялық әріптес ретінде мойындаймыз. Ел сенімді әрі ұзақ мерзімді шарттар ұсынып отыр. Неміс компаниялары жобаларды қаржыландырып, әрі қарай жүзеге асыруға дайын. Германияда ірі тау-кен орындары жоқ. Десе де, қызметтер мен технологиялар саласында ұстаным мықты. Ал Қазақстан инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасап отыр. Алдағы уақытта жемісін бірге көреміз деп үміттенемін.
Мартин Ведиг, шетелдік тау-кен өнеркәсібі және халықаралық шикізат қызметі қауымдастығының атқарушы директоры:
- Бүгін мінберде сөз сөйлеген екі компания өкілдері қазақстандық компаниялармен келісім-шартқа қол қойып жатыр. Металдар саудасымен айналысатын Noble Elements компаниясы Kazakhstan Invest-пен галлий және германиге қатысты келісім орнатты. Олар шамамен 60 миллион еуро көлемінде инвестиция салуға дайын. Ал Шахтба́у Но́рдхаузен ((Schachtbau Nordhausen)) компаниясы Қазақстанда шахта қазудың арнайы технологияларын енгізеді. Аталған технологиялар арқылы үдеріс жылдам әрі қауіпсіз болады.