Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды жеделдетпек

17.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Астанада ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Иранның жол және қала құрылысы министрі Фарзане Садек бастаған делегацияның кездесуі өтті.

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаЗампремьера Казахстана Серик Жумангарин провел встречу с делегацией Ирана

Зампремьера Казахстана Серик Жумангарин провел встречу с делегацией Ирана

© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана

Тараптар Иран президентінің 2025 жылғы желтоқсандағы Қазақстанға ресми сапары барысында мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықты іске асыруды, "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін дамытуды, порт инфрақұрылымын кеңейтуді, өзара сауда көлемін ұлғайтып, екі ел арасындағы көлік-логистикалық байланысты жетілдіруді талқылады.

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаЗампремьера Казахстана Серик Жумангарин провел встречу с делегацией Ирана

Зампремьера Казахстана Серик Жумангарин провел встречу с делегацией Ирана

© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана

"Ынтымақтастықты нығайту – мемлекет басшылары алға қойған стратегиялық міндет. 2025 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 26,4%-ке артып, 430,2 млн долларға жетті. Бұл одан арғы дамуды, оның ішінде өзара сауданы 3 млрд долларға жеткізу жөніндегі жол картасы шеңберіндегі және Иран мен ЕАЭО арасында қол қойылған Еркін сауда туралы келісімнің арқасындағы жоғары әлеуетті көрсетеді", — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Фарзане Садек өз кезегінде бұл сапардың бұрын қол жеткізілген уағдаластықты іс жүзінде орындауға, қазіргі геосаяси процесс кезінде екі ел үшін де ерекше маңызға ие болып отырған көлік-логистикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға арналғанын атап өтті.

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаЗампремьера Казахстана Серик Жумангарин провел встречу с делегацией Ирана

Зампремьера Казахстана Серик Жумангарин провел встречу с делегацией Ирана

© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана

Тараптар "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін дамытуға ерекше назар аударды. 2025 жылы "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізі бойынша тасымалдау көлемі 12%-ке артып, 3,5 млн тоннаға жетті. Екі ел арасындағы теміржол тасымалы 69%-ке өскен.

Серік Жұманғарин маршрут әлеуетін одан әрі арттыру үшін Көлік инфрақұрылымын жаңғыртудың бірлескен жол картасын әзірлеуді ұсынды. Кешенді шараны іске асыру дәліздің өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік бермек.

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаЗампремьера Казахстана Серик Жумангарин провел встречу с делегацией Ирана

Зампремьера Казахстана Серик Жумангарин провел встречу с делегацией Ирана

© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана

Тараптар сондай-ақ Қытай, Қазақстан, Түркіменстан, Иран мен Түркия арасында қол қойылған бесжақты теміржол келісімінің, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Түркіменстан мен Иран арасында алдағы уақытта сауда мен транзиттің өсуіне қосымша жағдай туғызатын төртжақты тарифтік келісімге қол қоюдың маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздердің негізгі тақырыбының бірі порт инфрақұрылымын дамыту болды. Иран тарапы Шахид Раджаи (Бендер-Аббас) портында Қазақстанға жер телімін бөлу мәселесін келісу аяқталғанын хабарлады. Қажетті рәсімнен кейін аумақ Қазақстан тарапына беріледі.

"Иран Қазақстанға Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына тікелей шығуды қамтамасыз ететін Чабахар портында жұмыс істеу үшін мүмкіндік беруге дайын екенін хабарлады. Фарзане Садектің айтуынша, Захедан-Чабахар теміржол желісі құрылысының 90%-дан астамы аяқталған. Нысанды іске қосу алдағы айларға жоспарланып отыр. Желі іске қосылғаннан кейін Чабахар порты Үнді мұхитын, Орталық Азия мен Еуропаны байланыстыратын халықаралық теміржол желісіне біріктіріледі", - делінген хабарламада.

Бұған жауап ретінде Қазақстан Иран тарапына Каспийдегі ирандық компаниялардың логистикалық қызметін дамыту үшін Ақтау мен Құрық порттарындағы алаңдарды, айлақтар мен терминалдарды ұсыну мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін жеткізді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью