Қазақстан мен Иранның тауар айналымы 357 млн доллардан асты

10.12.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ресми өкілдің айтуынша, негізгі назар сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға, көлік-логистикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық алмасуды тереңдетуге бөлінбек.

– Сапар Қазақстан мен Иран арасындағы стратегиялық диалогты арттыруға және екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған. Иран – Каспий жағалауындағы Қазақстанның жақын және тату көршілерінің бірі, Орта Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі. Иранмен тату көршілікті дамыту – еліміздің сыртқы саясатының түйінді басымдықтарының бірі. Қазақстан Иранды маңызды және сенімді серіктес ретінде қарастырады. Екіжақты қатынас берік достыққа, өзара құрметке және тең құқықтылыққа негізделген, – деді Айбек Смадияров министрлікте өткен апталық брифингіде.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Иран арасындағы серіктестік жаңа мазмұнмен, нақты нәтижеге бағытталған жұмыспен толығып келеді. Экономика және инвестиция бағыттарында да үміт берер қарқынды үрдістер байқалып отыр.

– Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 340 млн АҚШ долларына жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 50 пайызға артты. Осы жылдың алғашқы 10 айында сауда-саттық көлемі 40 пайызға өсіп, 357 млн доллардан асты, – деді А.Смадияров.

Бұған дейін министрлік өкілі Тайланд пен Камбоджа шекарасындағы қарулы қақтығыстар курорттық аймақтардан алыс жерде болып жатқанын айтқан еді.

Сондай-ақ, Президенттің Ауғанстан жөніндегі Арнайы өкілі Еркін Тұқымов Кабулда жұмыс сапарымен жүр.

Ал Еуропаға виза режимін жеңілдету бойынша келіссөздің екінші раунды Астанада өтеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью