Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Италия сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таяни телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар қазақ-итальян стратегиялық ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ екі елдің көпжақты форматтардағы, оның ішінде "C5-Италия" және"B5-Италия" диалог алаңдары шеңберіндегі өзара іс-қимылын талқылады.
"Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі энергетикалық қауіпсіздік және қазақстандық мұнайды халықаралық нарықтарға жеткізудің негізгі бағыты болып табылатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мәселесі болды", - деп жазылған хабарламада.
Тараптар КҚК құбырының үздіксіз жұмыс істеуінің Еуропаны тұрақты энергиямен қамтамасыз етудегі стратегиялық маңызын айтты.
Айта кетері, Каспий құбыр консорциумы мұнай құбыры арқылы Қазақстан экспорттайтын мұнайдың 80%-ын тасымалданады.