Қазақстан мен Моңғолия өзара тауар айналымын 500 млн долларға жеткізеді

21.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Жалпы, сапар барысында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды. Бүгін жасалған келісімдер екі елдің алыс-берісін жандандыра түсетіні сөзсіз. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық көлемі былтыр 130 млн доллар болып, 7,7 пайызға өсті. Елдеріміздің экономикалық әлеуетін ескерсек, бұл көрсеткішті арттыруға толық мүмкіндігіміз бар. Осы орайда алдағы бірнеше жылда тауар айналымын 500 млн долларға жеткізу жөнінде меже қойып отырмыз. Ол үшін ең алдымен сауда-саттықтағы тауар түрін кеңейтуіміз керек. Экономикалық ықпалдастықты тежейтін кедергілерді барынша азайту қажет, — деді Мемлекет басшысы.

Президент осыдан 1 ай бұрын Қазақстанның сауда миссиясы Моңғолияға арнайы сапармен барғанын атап өтті.

— Онда экономикалық байланыстарды әртараптандыруға қатысты маңызды ұсыныстар жасалды. Біз былтыр Еуразия экономикалық одағы мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін мақұлдадық, ратификацияладық. Бұл құжат елдеріміз үшін көптеген тың мүмкіндікке жол ашады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алғанын жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью