Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Кездесу барысында тараптар осы жылдың 22-24 сәуірінде өтетін Астана қаласындағы Өңірлік экологиялық саммитке қатысу мәселелерін талқылады. Орман шаруашылығын басқару мәселелерін талқылау да маңызды болды.
Фото: Экология министрлігіОрман ресурстарын тұрақты басқару саласындағы тәжірибе алмасуға, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мүмкіндігіне, ғылыми-техникалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, Арал теңізінің құрғаған табанында жасыл желектерді отырғызу жұмыстарына толығырақ тоқталды.
Тараптар атмосфералық ауаның сапасын арттыру, атап айтқанда ауа сапасы бойынша соңғы деректермен алмасу, бірлескен зерттеулер мен жобалардың мүмкіндігі мәселелерін қозғады.
Фото: Экология министрлігіКездесу қорытындысы бойынша тараптар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.
Айта кетейік, 22-24 сәуір аралығында Астанада «RES 2026 EXPO» халықаралық жасыл және тұрақты технологиялар көрмесі өтеді. Ауқымды іс-шара Орталық Азия елдерінің қатысуымен өтетін – Өңірлік экономикалық саммит 2026 аясында ұйымдастырылып, аймақтың тұрақты даму саласындағы негізгі диалог алаңына айналмақ.