Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қазақстан экспорты 24,6%-ға артып, 3,52 млрд АҚШ долларын құрады. Ал 2026 жылдың алғашқы бес айында өзара сауда көлемі 2,3 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,2%-ға ұлғайды. Бүгінде Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азия елдерімен саудасының 55%-дан астамын қамтамасыз етеді.
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаевтың Өзбекстан Республикасына жасаған үш күндік жұмыс сапары аясында өткен форумда екі ел арасындағы тікелей іскерлік байланыстарды дамыту, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, өндірістік кооперацияны нығайту және экономикалық өсудің жаңа бағыттары талқыланды.
Форум барысында Қанат Шарлапаев мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтардың және даму институттарының өкілдеріне Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын таныстырып, бүгінде өңірлік экономикалық интеграцияның басты қозғаушы күштерінің бірі кәсіпкерлік қауымдастық екенін атап өтті.
Оның айтуынша, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа инвестициялық жобалар, бірлескен өндірістер, сауда байланыстарын кеңейту және бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастыру арқылы нақты мазмұнмен толығуына жүйелі түрде ықпал етіп келеді.
Қанат Шарлапаев Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге барлық алғышарттарға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, өзара іс-қимылдың келесі кезеңі бірлескен инвестицияларға, заманауи өндірістік тізбектерді қалыптастыруға және жоғары технологиялық салаларды дамытуға негізделуі тиіс. Сондай-ақ, екі елдің кәсіпорындары өзара сауданы дамытумен қатар, жоғары қосылған құны бар өнімдерді бірлесіп өндіруге бағытталуы қажет.
Бірінші бағыт – кәсіпорындардың шикізат ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз етудің ашық тетіктерін қалыптастыру және металлургия, химия өнеркәсібі, полимерлерді өңдеу, сондай-ақ тұйық циклді экономика жобалары бойынша ынтымақтастықты кеңейту.
Екінші бағыт – көлік-логистикалық инфрақұрылым мен сыртқы сауда рәсімдерін цифрландыру. Басым міндеттердің қатарында цифрлық «бір терезе» жүйесін жедел енгізу, теміржол логистикасын жетілдіру, кедендік және фитосанитариялық бақылауды оңтайландыру, сондай-ақ трансшекаралық сауда үшін қолайлы жағдай жасау бар.
Үшінші бағыт – өзара инвестицияларды ұлғайту, бірлескен өндірістерді іске қосу және энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеу өнеркәсібі сияқты басым салаларда өндірісті оқшаулау (локализация) жобаларын қолдау.
Форум Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпкерлері арасындағы B2B форматындағы кездесулермен аяқталды.