Қазақстан мен Өзбекстан парламентаралық диалогты кеңейтуге келісті

10.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Басқосу барысында парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері ғана емес, екі елді жақындастырып тұрған ортақ мүдде мен тарихи сабақтастықтың мәні де кеңінен сөз болды. Саяси, экономикалық, гуманитарлық және өңірлік бағыттардағы ықпалдастықтың басым бағыттары талқыланып, өзара сенімге негізделген байланыстардың жаңа белестерге көтеріліп келе жатқаны айтылды.

Сұхбат барысында екі мемлекет басшыларының берік саяси ерік-жігерінің арқасында Өзбекстан мен Қазақстан қарым-қатынастары жан-жақты стратегиялық серіктестік пен шынайы одақтастық деңгейіне жеткені ерекше атап өтілді. Бұл – тек саяси ұстанымдардың тоғысуы ғана емес, түбі бір тарихтан тамыр тартқан, рухани құндылықтары ортақ халықтардың табиғи жақындасуының көрінісі екені айтылды.

Ортақ тарихи жады, ұқсас дүниетаным мен ғасырлар бойы қалыптасқан тату көршілік дәстүрлері мәдени-гуманитарлық байланыстардың берік іргетасы болып, осы тұрғыда Самарқандта өтіп жатқан өзбек-қазақ ғылыми-шығармашылық зиялыларының екінші форумы екі халықтың рухани сабақтастығын нығайтып, зиялы қауым өкілдерінің еркін пікір алмасуына жол ашатын маңызды алаң ретінде бағаланды.

Сондай-ақ көпжақты форматтардағы парламентаралық өзара іс-қимылдың жандана түскені, әсіресе өңіраралық форумдар аясындағы ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқаны сөз болды.

Фото: uza.uz

Тараптар Орталық Азия елдерінің жетекші әйелдері диалогы шеңберіндегі өзара іс-қимылды да назардан тыс қалмады. Биыл Өзбекстанның аталған платформаға төрағалық етуі аясында Бұхара қаласында кезекті басқосу мен Азия әйелдерінің II форумын өткізу жоспарланып отырғаны — өңірлік ынтымақтастықтың жаңа қырларын ашатын маңызды қадам ретінде бағаланды.

Бұдан бөлек, алдағы қыркүйек айында Самарқандта өтетін XII Жас парламентшілердің жаһандық форумы да жаңа буын көшбасшыларының үнқатуына серпін беретін айтулы оқиға болмақ.

Кездесу соңында тараптар өзара сенім мен ортақ құндылықтарға негізделген Өзбекстан – Қазақстан одақтастығын одан әрі нығайтуға, парламентаралық диалогты кеңейтуге және бірлескен бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға екі елдің де мүдделі екенін растады.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан ықпалдастығы артып келеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью