Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзеніне суды есепке алатын құрылғыларды орнатып жатыр

25.03.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

— Қазіргі уақытта біз өзбекстандық әріптестерімізбен бірге Сырдария өзенінің суын есепке алу жүйесін автоматтандыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл ретте 10 негізгі учаске іріктеліп алынды. Оның бесеуі Қазақстан аумағында болса, қалғаны Өзбекстанда орналасқан. Белгіленген аймақтарға заманауи автоматтандырылған есепке алу және мониторинг жүйелерін енгізу жоспарланған, — деді министр.

Аталған жұмыстар институционалдық деңгейде бекітілген. Яғни, былтыр Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасында тиісті келісімге қол қойылды.

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

— Құжат онлайн режимде деректермен алмасу жүйесін құруды, сондай-ақ мемлекетаралық маңызы бар су шаруашылығы нысандарын жаңғыртуды, трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқаруды көздейді. Бұл шараларды іске асыру су ресурстарын басқарудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Бірінші кезеңдегі жобаларды жүзеге асыра отырып, алдағы уақытта Сырдария өзенінің өзге де учаскелерін автоматтандыруға кірісеміз. Сондай-ақ, ортақ бассейндерді ескере отырып, Орталық Азияның басқа мемлекеттерін осы жұмысқа кезең-кезеңімен тарту жоспарланған, — дейді Нұржан Нұржігітов.

Еске салайық, бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Қазақстан су шаруашылығы саласындағы ұлттық саясатты үнемі жетілдіріп жатқанын айтып еді.

Қоса кетсек, таяуда Kazinform агенттігіне сұхбат берген өзбекстандық сарапшы Вадим Соколов аймақтағы су тапшылығы биыл да күрделі екенін айтқан еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью