Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Ресейді есепке алмағанда, ТМД-дағы ең мықты шахмат державалары – Қазақстан мен Өзбекстан.
Ресей Федералдық кеңесінің сенаторы, гроссмейстер Сергей Карякин Екатеринбургте өтіп жатқан жастар фестивалі барысында осындай пікір білдірді.
Фестивальде "Орыс үйлеріндегі шахмат дипломатиясы" жобасы таныстырылды.
Іс-шара барысында шеберлік сыныбын өткізген гроссмейстер жастардың дайындығына риза болды. Қатысушылардың бірі тіпті әлем чемпионымен өткен тартысты партияны тең ойынмен аяқтады.
Карякин фестиваль қонақтарының шахмат деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Айта кетейік, 11–17 қыркүйек аралығында Екатеринбургте Халықаралық жастар фестивалі өтті.