Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 3-4 ақпанда Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын, сондай-ақ білім беру саласында қол жеткізілген уағдаластықтарды талқылады.
NUML басшысы университеттің бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқанын және академиялық байланыстарды нығайту, сондай-ақ көпқырлы ынтымақтастықты дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Пәкістан жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған перспективалы бағыттар мен жобалар қарастырылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша NUML делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлескенін жазғанбыз.