Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Кездесу барысында екі тарап қазақ-қатар стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен оның даму мүмкіндіктерін талқылады. Негізгі назар саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға аударылды.
Жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалог екіжақты қатынастарды алға жылжыту және бұрынғы келісімдерді жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратыны айтылды.
Инвестициялық ынтымақтастық мәселелері де кеңінен қаралды. Энергетика, телекоммуникациялар, цифрлық технологиялар, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика және басқа да басым салалардағы бірлескен жобалардың уақтылы және сапалы іске асырылуының маңызы атап өтілді.
Фото: ҚР СІМЕрмек Көшербаев Қатарды Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді және жақын әріптесі ретінде сипаттап, екіжақты қатынастардың стратегиялық сипаты мен өзара сенім деңгейін жоғары бағалады.
Шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Қазақстан мен Қатар арасындағы қатынастардың даму қарқынын оң бағалап, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайындықтарын білдірді.
Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық та талқыланды. Биылғы жылдың ақпан айында Қатарда өткен Қазақстан мәдениеті күндерінің екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті арттыруға ықпал еткені атап өтілді.
Сонымен қатар тараптар туристік ағындардың өсуін атап, Қазақстан мен Қатар арасындағы тікелей әуе қатынасын дамыту қажеттігін айтты. Бұл екі ел арасындағы байланыстарды әрі қарай нығайтуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін СІМ басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымымен өзара іс-қимылды жалғастыруға келіскенін жазғанбыз.