Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
- Иә, шынымен де әлем назарын, әсіресе Ресей қауымын қызықтырған мемлекеттік сапардың бірі болды. Оның жандануына себеп болған АҚШ-тан кейін болған сапардың болуы да, назарды қызықтыра түсті. Бүгінде Қазақстанның 8 облысы Ресейдің 11 аймағымен шектеседі. Бейбітшілік шекарасының болуы, Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының маңызды екенін көрсеткен секілді. Президент мемлекеттік сапар алдында Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы туралы мақала жариялады. Ресей тарапы бұған дейін эмоцияға беріліп немесе кейбір депутаттар тарапынан Дума деңгейінде орынсыз айыптаулар, түсініспеушіліктер айтылған болатын. Осы ретте олардың да көзі жеткен секілді, ең бірінші Қазақстан Ресейге мүдделі емес, Ресейдің Қазақстанға мүдделі екеніне. Соның арқасында айтылған сөздер, келісілген келісімшарттар жаңа мәнге ие бола бастады, қосымша күш пайда болды, - деді Риззат Тасым Kazinform агенттігінің «BIZDIÑ ORTA» подкастында.
Саяхаттанушы айтып өткендей, екі ел өзара байланысты нығайтып отыр.
- Президенттің өзі айтқандай, Қазақстан мен Ресей арасында шешімін таппаған мәселелер жоқ. Болса, сындарлы диалогтың арқасында келісімге келіп отырмыз деді, расымен де солай, - дейді ол.
Оның айтуынша, ендігі міндет сындарлы диалогты жоғалтып алмау.
- Әлемдегі ең үлкен шекара, ол бейбітшілік шекарасы болу керек. Ресеймен шекараға қатысты басты мәселелер 90 жылдардың басында шешіліп тасталды. Сондықтан да ішкі қауымды мазалайтын басты мәселелер алдын ала шешіліп қойылған, - деген саяси ойын ортаға салды Риззат Тасым әңгіме барысында.
Осыған дейін сарапшы Қазақстан 30 жыл ішінде орта держава деңгейіне көтерілгенін айтты.