Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Ресей әскери күштерімен бірге өңірлік әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай жүйесі аясында бірлескен оқу-жаттығу өткізіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жаттығу 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында өтеді. Бұл - екі ел арасындағы өзара іс-қимыл кестесіне алдын ала енгізілген жоспарлы іс-шара.
Қорғаныс ведомствосының ресми мәліметінше, жаттығу барысында әуе нысандарын анықтау және қадағалау, әуе кеңістігін бұзған ұшақтарды ұстап қалу, сондай-ақ, оларды белгіленген әуежайларға қонуға мәжбүрлеу сияқты тапсырмалар пысықталады.
"Іс-шара жоспарға сай жүргізіліп жатыр және ӘШҚҚ кезекші күштерінің өзара үйлесімін, жауынгерлік даярлығын және дайындық деңгейін арттыруға бағытталған", – деп атап өтті министрлік.
Осыған байланысты ведомство азаматтар мен БАҚ өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған мәлімет таратпауды сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Ресейдің көп мақсатты Су-30 жойғыш ұшағы Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайға жоспардан тыс қонғаны туралы ақпарат тараған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться