Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Ресей дипломатиялық арналар арқылы Таяу Шығыстағы жағдай жөнінде жұмыс тәртібімен пікір алмасып жатыр, деді сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев.
Оның айтуынша, министрлер деңгейінде де, вице-министрлер деңгейінде де, департаменттер директорлары деңгейінде де байланыс тұрақты түрде жалғасуда.
"Біздің Ресей Федерациясында ірі елшілігіміз бар, күнделікті жедел пікір алмасу жұмыс тәртібінде жүргізіледі. Таяу Шығыстағы жағдай бойынша Ресей Федерациясымен пікір алмасу болды… Бұл ресми түрде жарияланған жоқ, алайда жұмыс тәртібінде пікір алмасу тоқтаған емес, процес тұрақты түрде жүріп жатыр", – деді Бақаев.
Айта кетері, АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Ирандағы нысандарға соққы жасады.