Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік кооперация аясында 175 жобаны жүзеге асырып жатыр

27.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, оның ішінде кооперациялық байланыстарды дамыту мен өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету мәселелерін талқылады.

Қос тарап әсіресе автомобиль өндірісі, теміржол машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі және құрылыс материалдары өндірісі сияқты салалардағы өнеркәсіптік кооперацияның басты жобаларын іске асырумәселесіне ерекше тоқталды.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперация шеңберінде құны 56,6 млрд АҚШ доллары болатын 175 жоба жүзеге асып жатыр. Бұл 64 мыңнан астам жаңа жұмыс орны деген сөз.

Тараптар өнеркәсіптік әріптестікті нығайту, өндірістік тізбектерді дамыту және екі ел бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктерді ашу бағытындағы белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью