Қазақстан мен Ресей президенттеріне сауда және логистика саласындағы цифрлық жобалар таныстырылды

25.07.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, тасымалдау үдерісін цифрландыруға және автокөлік тасымалының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жобалар таныстырылды.

Атап айтқанда, президенттерге тауар айналымы мен өнімнің шығарылған жерін растауға мүмкіндік беретін тауарларды цифрлық таңбалау жүйесі, тасымалдау үдерісіне қатысушыларға арналған Smart Cargo бірыңғай цифрлық платформасы, жасанды интеллект көмегімен көлік ағынына үздіксіз талдау жүргізетін AI Jol бірыңғай цифрлық жобасы туралы мәліметтер берілді.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук сыртқы сауданың тиімділігін арттыру және көлік-логистика инфрақұрылымын ілгерілету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына теміржол, автокөлік және авиа байланыстарын дамыту үшін қолға алынған бірлескен шаралар мен шекарадағы көлік өткізу пункттерін қос тараптан бірдей жаңғырту перспективасы туралы мәлімет берілді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью