Қазақстан мен Ресей шекарасында браконьерлер ұсталды

03.01.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Екі өңірде ақбөкендерді заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екі өңірде ақбөкендерді заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2025 жылғы 29 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының криминалдық полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен ақбөкендердің дериваттарын одан әрі өткізу мақсатында оларды заңсыз аулаумен айналысқан үш адамнан тұратын браконьерлік қылмыстық топты ұстады.

Ұсталғандардан жалпы салмағы шамамен 400 келіні құрайтын 1 127 ақбөкен мүйізі, сондай-ақ екі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді.

Күдіктілерді және олардың байланыстарын одан әрі тексеру барысында былтыр 24 желтоқсанда Павлодар облысында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарада екі адамнан тұратын браконьерлердің екінші тобы ұсталды.

Олардың бірі - шетел азаматы. Бұл тұлғалар мемлекеттік шекара арқылы шамамен 2 мың (1 882) ақбөкен мүйізін контрабандалық жолмен алып өтпек болған. Заңсыз жүк көлігінің арнайы жабдықталған жасырын орнына алдын ала жасырылған. Бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью