Қазақстан мен Ресей шекарасындағы бейтарап аймақтағы тасқын суға тосқауыл қойылды ҚазАвтоЖол

27.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Аталған жағдайға байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының мамандары су ағынын реттеу және он тоқтату бойынша жедел шаралар қабылдады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сағат 22:00-ге дейін су толығымен тоқтатылды. Қазіргі уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейтарап аймақтағы учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, сигналдық бағаналар мен ескерту белгілері орнатылды. Гидравликалық жүктемені азайту және қайта тасудың алдын алу үшін қосымша қапшықтар орнату жұмыстары жүргізілді.

Су деңгейі қайта көтерілген жағдайда, KZ10-05 «Мариновкаға кіреберіс» автожолының 9-шақырымында, сондай-ақ Ресей Федерациясы бағытындағы жолда көлік қозғалысын уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.

- Айта кету керек, аталған су тасу құбылысы жыл сайын қайталанып отырады. Еріген қар сулары толық өткеннен кейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, көлік қозғалысы толық қамтамасыз етіледі, - делінген ҚазАвтоЖол мекемесі таратқан хабарламада.

Осыған дейін «ҚазАвтоЖол» мекемесінің жол жиектеріне белгілер орнатып жатқаны туралы жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью