Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстан мен Ресей су тасқынының алдын алу үшін бірлескен комиссия құрды.
Екі ел Ертіс, Есіл, Тобыл және Жайық өзендері бойынша ортақ жұмыс жүргізеді.
Мәселен, Жайық өзені бассейніндегі су қоймаларының жұмыс тәртібі тұрақты түрде келісіліп отырады.
Қазақстандық мамандар Ресейдегі Ирикла су қоймасының су өткізу тәртібін айқындау жұмыстарына қатысады.
Яғни онда қанша су жіберілетіні анықталады. Бұл әсіресе көктемгі тасқын кезінде маңызды.
Екі елдің бірлескен іс-қимылы су тасқыны қаупін азайтып, трансшекаралық өзендерді қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Нұрлан Алдамжаров, ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі: - 2020 жылы Қазақстан мен Ресей Жайық, Ертіс және басқа да ортақ өзендер бассейіндеріндегі су ресурстардың жағдайын жақсартуға бағытталған 2027 жылға дейін бірлескен бірыңғай жол картасын қабылдады.