Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстан – Ресейдің стратегиялық серіктесі және одақтасы. Бізді ғасырлар бойы қалыптасқан достық, тату көршілік қарым-қатынас, өзара құрмет және қауіпсіздіктен экономикалық интеграцияға дейін, бейбіт атомнан ғарышқа, білімге, мәдениетке және ғылымға дейінгі барлық саладағы бірлескен жобалардың шынымен де кең перспективалары байланыстырады", - деп жазылған құттықтауда.
"Осы атаулы күні мен барлық қазақстандыққа бейбітшілік, тұрақтылық және молшылық, сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді жаңғырту бойынша алға қойған мақсаттарына жетуде табыс тілеймін", - деп толықтырды елші.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президентінің атына Республика күніне орай мемлекет басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсті.