Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауға арналған заңды жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келісімде нақты шаралар қарастырылған. Олар:
әскери мақсаттағы өнімдерді өзара жеткізуді жүзеге асыру;
қару-жарақ пен әскери техника, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындау;
бірлескен ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
технологиялар трансфері;
қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін бірлесіп сынау.
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, екі елдің әскери-техникалық ынтымақтастық жүзеге асыру үшін бірлескен жұмыс тобы құрылады.
"Бүгінде бізде 15-тен астам осындай әскери ынтымақтастық жөніндегі келісімшарттар бар. Сербиямен рәсімделген келісім де сондай, ешқандай өзгешелігі жоқ", - дейді Жазықбаев.
Айта кетері, бұл келісім 2020 жылы Белград қаласында рәсімделген болатын. Заң бойынша екі елдің парламенті осы құжатты ратификациялауы қажет. Құрылтайда заң жобасы үш оқылымнан өтеді.