Қазақстан мен Тәжікстан тауар айналымын 2 млрд долларға арттырмақ

16.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Кездесу барысында тараптар экономика, сауда және инвестиция саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, сондай-ақ екі елдің іскерлік миссияларын ұйымдастыру, халықаралық көрмелерге белсенді қатысу және іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Фото: CІМ

— 2025 жылы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 1,19 млрд АҚШ долларын құрағаны атап өтілді. Тараптар екі елдің тиісті құрылымдары мен бизнес-қоғамдастықтарының бірлескен күш-жігерімен екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты 2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту әлеуетінің кең перспективалары бар екенін айтты, — делінген хабарламада. 

Екі елдің бизнес-топтары арасындағы тұрақты диалогты қолдау мақсатында Қазақстан-Тәжікстан Іскерлік кеңесінің кезекті отырысын өткізу мәселесі қозғалды. Өз кезегінде Ф.Рахмонализода 2026 жылы Тәжікстанда жоспарланған халықаралық көрмелер мен форумдарға қатысуға шақырды.

Кездесу соңында тараптар сауда-экономикалық саладағы қазақ-тәжік байланыстарын нығайту ісінде жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шарт ратификацияланғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью