Қазақстан мен Түрікменстан қылмысқа қарсы күресте әріптестікті арттырады

28.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мемлекет басшысы Қазақстан  мен Түрікменстан Үкіметтері арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды. Құжат екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ақпарат алмасуды, бірлескен тергеу шараларын және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимылды күшейтуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс, экстремизм, заңсыз көші-қон, есірткі айналымы және басқа да қылмыстық қауіптерге қарсы ортақ механизмдерді жетілдіруге мүмкіндік береді.

Заңның қабылдануы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге шығарып, өңірлік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью