Қазақстан мен түркітілдес елдердің өзара сауда көлемі 11 млрд АҚШ долларына жетті

08.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

11 миллиард АҚШ доллары.

Бұл өткен жылдың алғашқы он айындағы еліміздің түркі мемлекеттерімен арадағы өзара тауар айналымының көлемі. Бүгін де ел экспорты 16,6 пайызға өсіп, 7,9 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл туралы елордада өткен Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының Үшінші Бас Ассамблеясында айтылды. Жиынға түркі ынтымақтастығы ұйымдарының өкілдері мен іскер топтар қатысты. Ассамблея барысында алдағы кезеңге арналған негізгі ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру, Түркі инвестициялық қорының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, сауда және техникалық кедергілерді азайту, сондай-ақ халықаралық бағыттар мен көлік дәліздерін дамыту арқылы көліктік-логистикалық байланысты күшейту мәселелері күн тәртібіне шықты. Айта кетейік, түркі экономикалық кеңістігі 180 миллионнан астам халықты біріктіріп, ауқымды өндірістік әрі ресурстық әлеуетке ие. Биыл Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағына төрағалық алғаш рет Қазақстанға берілді.    

Мұрат Қарымсақов, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы:

- Бұл негізгі мақсат түркі мемлекеттерінің бизнесті біріктіру. Мемлекеттердің арасында экономикалық, инвестициялық, сауда және экономикалық үлкен мәселелерді дамыту. Сол үшін қазіргі таңда біздің бағдарламамыз қандай, осы барлық экономикалық интеграциялық жобаларды іске асыру үшін қандай жолдар бар екен, соны талқыладық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью