Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
— Ауыл шаруашылығында екі ел арасындағы тауар айналымының оң динамикасы байқалып отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 360 миллион АҚШ долларына жетті. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда, 25%-ға артық. Айта кететін жайт — Қазақстан өнімдерінің Түркияға және Түркия тауарларының елімізге, яғни екіжақты экспорт өсіп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз, — деді ол.
Сонымен бірге, Ермек Кенжеханұлының сөзінше, Түркия нарығында Қазақстанның дәнді-бұршақты дақылдары ерекше сұранысқа ие. Былтыр осындай 395 мың тоннадан астам өнім экспортталған.
— Бұл көрсеткішті ұлғайтуға дайынбыз. Түркия да қызығушылығын білдіріп отыр, — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Түркия стратегиялық серіктестер екені жөніндегі Джевдет Йылмаздың мәлімдемесін жариялағанбыз.