Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы әуе рейстері көбейеді

13.07.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу жиілігін арттыру жұмыстарын жалғастыруда.

Осы жылдың тамыз айынан бастап AJET әуе компаниясы Астана–Анкара және Алматы–Анкара бағыттарында рейстер санын аптасына екіден жетіге дейін арттырады.

Ұшу жиілігінің артуы Қазақстан мен Түркия арасындағы іскерлік байланыстарды, сауда-экономикалық әріптестікті және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Бүгін, 20:18

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью