Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларация қабылдайды: 14 мамыр 14:38 жаңалықтар

14.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстан мен Түркия "Мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы" декларация қабылдайды. Бұл туралы бүгін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Түркия Қазақстан үшін бауырлас ел, маңызды әрі сенімді серіктес саналатынын атап өтіп, тамыры терең байланыстар қос халықтың мызғымас достығын одан әрі нығайтуға ықпал етіп отырғанын айтты.

"Бүгін "Мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы" декларацияны қабылдаймыз. Осы маңызды құжат қазақ-түрік қатынастарын дамытуға тың серпін беретіні анық. Бұл мәселе бойынша екі елдің де ниет-тілегі – бір, сондықтан әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де мол деп айтуға толық негіз бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Астанада шағын құрамда келіссөздер жүргізді.

Еске салайық, 13 мамырда Түркия көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Режеп Тайип Ердоған Астанаға әйелі Эмине Ердоғанмен бірге келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью