Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Кездесу барысында тараптар тау-кен-металлургия кешені мен геологиялық барлау, сондай-ақ аса маңызды шикізат ресурстары және өнеркәсіптік кооперация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.
Министр Ұлыбритания еліміздің сауда-экономикалық және инвестициялық ең ірі серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
-Қазақстан бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар ұсынады және британиялық компаниялардың қатысуын кеңейту үшін сенімді алаң бола алады. Британиялық технологияларға, капиталға және сараптамаларға жүгіну, оларды тарту еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді, – деді Ерсайын Нағаспаев.
Министр Ұлыбританияның жетекші университеттерімен, соның ішінде Cardiff University және University of Birmingham-мен ынтымақтастықты дамытуға, бұл ретте өнеркәсіптің нақты қажеттіліктеріне бағытталған мамандарды даярлау үшін тәжірибеге бағытталған оқыту мен ғылымды өндіріспен ықпалдастыруға баса назар аударды.
Сонымен қатар ол жұмыс істеп тұрған өндірістерде тағылымдамалардан өту, дуалды оқытуды енгізу және аса маңызды минералдарды өңдеу саласындағы жобалар үшін кадрлар даярлау бағыттары бойынша өзара іс-қимылды ілгерілету қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ Ерсайын Нағаспаев елші Салли Аксуорсиді 2026 жылдың 2-3 сәуірінде өтетін «Geoscience & Exploration Central Asia» халықаралық геологиялық форумына қатысуға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сирек және сирек жер металдары саласында өзара тиімді және ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға ниетті екендерін растады.
Осыған дейін Қазақстанның сирек металл өндірісінің 4 бағытына басымдық беретіні туралы жаздық.