Қазақстан мен Венгрия су дипломаттарын бірлесіп даярлап жатыр

03.06.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

gov.kz

Бірлескен білім беру бағдарламалары аясында 23 қазақстандық студент Венгрияның жетекші жоғары оқу орындарында су саласы мамандықтары бойынша білім алып жатыр.

Атап айтқанда, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 8 қазақстандық студент бакалавриат деңгейінде Обуда университетінде оқып жатыр. Ал Су шаруашылығы және ирригация ұлттық университеті мен Корвинус университетінің қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстаннан барған 15 студент білім алуда. Оның ішінде 11 студент магистратурада, 4 студент докторантурада оқиды.

Студенттер Еуропадағы су ресурстарын басқару қағидаттары мен модельдерін, халықаралық су құқығы мен трансшекаралық келісімдерді, суға қатысты даулардың алдын алу және оларды шешу тәсілдерін, ашық басқару құралдары мен мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тетіктерін, сондай-ақ су саясатының тиімділігін мониторингтеу және бағалау әдістерін меңгеруде.

Еске салсақ, былтыр Су шаруашылығы және ирригация ұлттық университетінің қос дипломды магистратура бағдарламасы аясында 13 студент Корвинус университетінде білім алған болатын.

«Іске асырылып жатқан бағдарламалар Мемлекет басшысының су саласындағы кадрлық әлеуетті нығайту, оның ішінде су дипломатиясын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі халықаралық әріптестікті одан әрі кеңейтуді, соның ішінде Венгриямен бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуды жоспарлап отыр», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бүгін, 09:08

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью