Қазақстан мен ЮНЕСКО төтенше жағдайларға қатысты меморандумға қол қояды

24.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Атап айтқанда, елордадағы Өңірлік экологиялық саммит аясында Орталық Азиядағы төтенше жағдай тәуекелдерін азайту мен дабыл жүйесін жетілдіруге арналған сессия отырысы өтіп жатыр. 

ЮНЕСКО-ның Алматыдағы аймақтық кеңсесінің директоры өкілі Амир Пиричтің айтуынша, Орталық Азияға климаттық өзгерістер айтарлықтай әсер етуі мүмкін. 

— Есептеулерге қарағанда, кейінгі 50 жылда мұздықтар 20-30 пайызға азайған. Бұл жағдай су ресурстарына әсер етіп, су тасқыны қаупін арттырады, - деді ол.

ЮНЕСКО халықаралық серіктестердің қолдауымен халыққа төнетін қатерді азайту, оның ішінде ерте хабарлау жүйесін дамыту бойынша жобаларды жүзеге асырып келеді. Мұндай жүйелер, адамдар мен инфрақұрылымды қорғаудың негізгі құралы болады.
Бұл бастама БҰҰ-ның 2027 жылға қарай халықты табиғи қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық күн тәртібіне де сәйкес келеді.

Өз кезегінде ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев Қазақстан мен ЮНЕСКО төтенше жағдайларды алдын алу бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді.

— Бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде меморандумға қол қоямыз. Меморандум оң нәтиже береді деп сенеміз, - деді Е.Садырбаев.

Айта кетейік, саммит барысында Орталық Азиядағы мұздықтар жылдам еріп жатқаны айтылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью