Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Әңгімелесу барысында Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы жетекші халықаралық компаниялармен стратегиялық әріптестікті дамытуға үлкен мән беретіні атап өтілді. Сондай-ақ еліміздің ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға қызығушылық тудыртатын базалық металдарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы елеулі әлеуеті атап көрсетілді.
Министр сондай-ақ инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Осы орайда ол цифрлық шешімдерді дамыту және жер қойнауын пайдалану, барлау мен өндіру құқықтарын алу үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету шараларын атап өтті.
— Отандық тауар өндірушілерді шикізатпен басым тәртіппен қамтамасыз ету тетіктеріне сүйене отырып, металдарды терең өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру және тұрақты шикізат базасын қалыптастыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты дамытуға және ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарын пысықтауға дайын екендіктерін білдірді, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Jindal Group — Үндістандағы ең ірі өнеркәсіптік конгломераттардың бірі, оның активтерінің жиынтық құны шамамен 35 млрд АҚШ долларын құрайды. Компания металлургия, энергетика, тау-кен өндірісі, инфрақұрылым, цемент өнеркәсібі және жаңартылатын энергетика салаларында жаһандық ойыншы саналады.
Бұған дейін «Jibek Joly» телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев атқарылған жұмыстардың қорытындысын таразылап, саланың негізгі нәтижелері мен түйткілді мәселелер жөнінде ой бөлісті.