Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
— Сіздердің қарауларыңызға «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылды. Келісім ЕЭАО елдері мен Моңғолия арасында 367 тауарларға қатысты импорттық кедендік баждарды жоюды көздейді. Келісім 3 жылға жасалады және тағы 3 жылға автоматты түрде ұзартылады, — деді Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Жанель Кушукова.
Оның айтуынша, құжат техникалық, сонымен қатар санитарлық, фитосанитарлық шаралар, кедендік ынтымақтастық, ішкі нарықты қорғау шаралары сияқты басқа да сауда мәселелерін қамтиды.
— Бұл келісім Моңғолия нарығына тауарларды шығару үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Келісімді ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын қажет етпейді, — деді ол.
Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Жаңа Конституция жобасын талқылайды.