Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
ОПЕК+ құрамындағы жеті ел 2026 жылғы тамызда мұнай өндіру көлемін арттыруға келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ОПЕК сайтында 5 шілдеде бейнебайланыс форматында Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман елдерінің қатысуымен кездесу өтті. Тараптар әлемдік мұнай нарығындағы ахуалды және оның даму перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мұнай нарығының тұрақтылығын сақтауға ниетті екенін растап, 2023 жылғы сәуірден бастап қолданыста болған қосымша ерікті шектеулерден біртіндеп бас тарту аясында өндірісті тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға уағдаласты.
Жарияланған кестеге сәйкес, Қазақстан тамызда өндірісті тәулігіне 10 мың баррельге арттырады. Осылайша, еліміз үшін талап етілетін өндіріс деңгейі тәулігіне 1,618 миллион баррель болмақ.
ОПЕК+ тарапы алдағы уақытта өндіріс көлемін одан әрі ұлғайту әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты болатынын атап өтті. Қажет болған жағдайда елдер өндірісті арттыруды жеделдете алады, тоқтата тұрады немесе қайта қысқарта алады. Сондай-ақ, келісімге қатысушылар бұған дейін жол берілген артық өндіру көлемін өтеу ниетін растады. ОПЕК+-тің келесі кездесуі 2 тамызда өтеді.
Еске салайық, бұл - ОПЕК+-тің өндірісті арттыру туралы қатарынан қабылдаған екінші шешімі. Бұған дейін, 7 маусымда, альянстың жеті елі, соның ішінде Қазақстан, 2026 жылғышілдеден бастап өндірісті тәулігіне 188 мың баррельге арттыруды мақұлдаған болатын.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу