Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Қазақстанның энергетика вице-министрі Сұнғат Есімханов Украинаның Каспий құбыр консорциумы (КҚК) нысандарына жасаған шабуылынан кейін саладағы жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Осы блоктағы әріптестерімнің мәліметі бойынша мұнай бағыттарының жұмысы тұрақты, КҚК арқылы экспорт тоқтаған жоқ. Сондықтан әріптестеріміз бұл ақпаратты қайта тексеріп, қосымша мәлімет береді деп ойлаймын", – деді Есімханов үкіметтегі брифингте.
5 сәуірде түнде Украина Каспий мұнай құбыры консорциумының нысандарына шабуыл жасады. Кейін Энергетика министрлігі жағдай Қазақстан мұнайының экспортына әсер етпегенін хабарлады. Бас магистральдық мұнай құбырлары арқылы қабылдау және тасымалдау штаттық режимде жүргізілді.