Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы Қара теңіздегі танкерлерге мұнай құятын үшінші қондырғының жөндеуден сәтті өткенін хабарлады.
"Жоспарды жөндеу аясында суасты шлангтар мен құбыршектер ішінара ауыстырылды. Ал 21 қаңтарда гидросынақтар өткізілген болатын. Осыдан кейін суңгуірлер манифольдты ашты", - дейді консорциум мамандары.
Бүгін, 25 қаңтарда теңізге шығып тұратын қондырғыға танкер аялдады. Оған мұнай құйылады.
Айта кетері, бұған дейін 29 қарашада экипажсыз катерлермен жасалған лаңкестік шабуыл кезінде танкерлер аялдайтын 2-ші қондырғыға айтырлықтай зақым келген болатын.
Ал келісімшарт бойынша кем дегенде мұнай құятын қондырғы істеп тұруы қажет. Қазіргі кезде танкерлер бірінші және үшінші қондырғыдан мұнай тиеп жатыр.