Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Қазақстан Қашаған кен орнының операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар көлеміндегі айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу рәсімін бастады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Әділет министрлігі хабарлады.
Экологиялық айыппұл күкіртті сақтау талаптарын бұзғаны үшін салынған. Компания оны 20 шілдеге дейін ерікті түрде өтеуге тиіс болған. Айыппұлдың заңдылығын Қазақстан соттары растаған.
16 шілдеде NCOC компаниясы UNCITRAL арбитраждық трибуналы Қазақстанға бұл айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға тыйым салғанын мәлімдеді. Алайда Қазақстан Әділет министрлігі арбитраж шешімі экологиялық айыппұлды өндіріп алуға кедергі келтірмейтінін хабарлады.
Қашаған – Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде, Атырау қаласынан шамамен 80 шақырым жерде орналасқан аса ірі теңіз мұнай-газ кен орны.
NCOC – құрамына "ҚазМұнайГаз", сондай-ақ шетелдік ірі мұнай-газ компаниялары Eni, Shell, ExxonMobil, TotalEnergies және басқа да серіктестер кіретін консорциум.