Қазақстан неге жерасты суының 3 4% ын ғана пайдаланып отыр?

20.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ресми деректерге сәйкес, елімізде жерасты суларының бекітілген пайдалану қорлары тәулігіне шамамен 43,1-43,2 млн текше метрді құрайды. Алайда іс жүзінде осы көлемнің небәрі 3-4%-ы ғана пайдаланылып келеді, деп жазады Egemen.kz.

Осындай деректерді келтіріп, Премьер-министрге депутаттық сауал жолдаған сенаторлар жерасты су ресурстарының елеулі бөлігінің экономикалық айналымнан тыс қалып отырғанын, оларды басқару жүйесінің жеткіліксіздігін айтты.

Еліміздің су қоймалары тасқын суға дайын ба?

Сенаторлардың мәлімдеуінше, елімізде шаруашылық-ауызсу қажеттілігінің шамамен 40%-ы жерасты сулары есебінен, ал 60%-ы жерүсті су көздері есебінен қамтамасыз етіледі. Тұщы жерасты суларының 68%-ы Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында шоғырланған. Ал Атырау, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары су тапшылығы жоғары өңірлер қатарына жатады.

«Мысалы, Алматы қаласында жерасты су қорларын пайдалану деңгейі 73%-ды құраса, Түркістан қаласында бұл көрсеткіш 1%-дан төмен, бұл өңірлік даму үшін пайдаланылмай отырған елеулі резервтің бар екенін айқын көрсетеді. Жерасты сулары ауызсу көзі ретінде ғана емес, ирригация, өнеркәсіп, минералды және тұзды сулар ретінде де экономиканың маңызды салаларын қамтамасыз етуі тиіс. Алайда бүгінгі таңда олардың әлеуеті толық іске асырылмай отыр», деді депутаттық сауалды жария еткен сенатор Жанболат Жөргенбаев.

Сауранда су шайып кеткен көпір қалпына келтірілді

Сондай-ақ депутаттардың айтуынша, жерасты суларының жалпы эксплуатациялық қорларының 50%-ы, яғни тәулігіне 21,3 млн текше метрі, суармалы егіншілік мақсаттарына арнайы барланған. Соған қарамастан, нақты пайдалану көлемі тәулігіне небәрі 0,15 млн текше метр, яғни 0,7%-ды ғана құрайды. Бұл су тапшылығы жағдайында ауыл шаруашылығы үшін аса маңызды стратегиялық резервтің іс жүзінде пайдаланылмай отырғанын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Павлодарда салықтан жалтарған құрылыс алпауыттарынан 120 млн теңге өндірілді

Оқиға • Бүгін, 16:43

Қазақстан неге жерасты суының 3-4%-ын ғана пайдаланып отыр?

Қоғам • Бүгін, 16:35

«Ел жанашыры» төсбелгісін таратқан меценатқа айыппұл салынды

Қоғам • Бүгін, 16:22

Жаңа Конституция – орнықты экономикалық өсімнің іргетасы: Олжас Бектенов Инвестициялық ахуал жөніндегі кеңес өткізді

Үкімет • Бүгін, 16:17

Дрондар Алматы полициясына қалай көмектеседі?

Қоғам • Бүгін, 16:09

Аида Балаева: Тарихи-мәдени мұраны сақтау конституциялық қағидаттар деңгейіне көтерілді

Мәдениет • Бүгін, 16:00

Саясат Нұрбек: Әр бала мектеп кезінен шахматты жетік меңгеруі тиіс

Қоғам • Бүгін, 15:53

Үнзила Шапақ: Конституция туралы айтқанда билікті ғана емес, келешек алдындағы жауапкершілікті де ойлайық

Ата заң • Бүгін, 15:48

Түркістан Түркі аймағының жаңа экономикалық шешімдерінің алаңына айналды

Руханият • Бүгін, 15:37

Фарида Жолдасова: Конституцияның мазмұны жаңарып, ел болашағына берік құқықтық негіз қаланып жатыр

Референдум • Бүгін, 15:27

Михаил Шайдоровтың дайындығына бюджеттен қанша қаржы жұмсалды?

Қоғам • Бүгін, 15:20

Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдары қашан пайдалануға беріледі?

Аймақтар • Бүгін, 15:11

Қазақстанда инсульттан болатын өлім көрсеткіші 4%-ға төмендеді

Медицина • Бүгін, 15:04

Қостанайда ұлы мен әйелін өлтірген әкеге үкім шықты

Оқиға • Бүгін, 14:47

Қазақстан балмұздақ экспорты бойынша рекорд жаңартты

Экспорт • Бүгін, 14:42

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью