Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қытайда өткен ушу-саньдадан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі тарихи нәтижеге жетті, деп хабарлайды Tengri Sport.
Қытайда өткен ушу-саньдадан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі тарихи нәтижеге жетті, деп хабарлайды Tengri Sport.
Ушу федерациясының мәліметінше, Ильдар Амирдинов әлем біріншілігінің финалына шығып, Мысыр спортшысымен кездесті.
Қазақстандық спортшы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, еліміздің тарихында тұңғыш рет жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.
Айта кетейік, ушу-саньдадан әлем чемпионаты 25-31 наурыз аралығында Тяньцзинь қаласында өтіп жатыр. Қазақстан ұлттық құрамасы аталған турнирге дайындықты Қытайда осы елдің командасымен бірлесіп жүргізді.
Федерация өкілдерінің айтуынша, спортшының таланты мен қолайлы жағдай жасау осындай жоғары нәтижеге жол ашып отыр.
Ушу-саньда (саньшоу) — қолмен және аяқпен соққы беріп, лақтыру техникасын біріктіретін заманауи қытайлық толық қоян-қолтық жекпе-жек түрі (қармап ұстауға 5 секундқа дейін рұқсат етіледі).
Фотоны ушу федерациясы ұсынды