Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Көлік министрлігі астық тасымалы бойынша жедел штаб отырысын өткізді.
2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша астық тасымалы көлемі 4,1 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артқаны байқалып отыр. Экспорттық тасымалдар 3,2 млн тоннаға (+18%), ал ішкі тасымалдар 0,9 млн тоннаға (+8%) жетті.
"Орталық Азия елдері бағыты бойынша айтарлықтай өсім тіркелді – 48%-ға артып, 2,1 млн тоннаны құрады, оның ішінде Өзбекстан бағытына 1,5 млн тонна жөнелтілді", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Ресей Федерациясы бағытына және оның аумағы арқылы тасымал көлемі 512 мың тоннаны құрады.
Ауғанстан бағыты бойынша тасымал 4,2 есеге өсіп, 302 мың тоннаға жетті.
Қытай бағытына жемдік ұн жеткізу көлемі 2 есеге артып, 1 млн тоннаға жетті.