24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
«Қазақстан – Орталық Азиядағы негізгі бизнес хаб.
Бұл әлеуетті кәдеге жаратып, игілігін көру қажет». Президенттің таяуда жалпыұлттық құрылтайда сөйлеген сөзін мұқият зерделеген сарапшылар қауымдастығы осылай дейді. Бұған қатысты шетелдік бизнес топ өкілдері де пікір білдірді. Атап айтқанда, Араб әмірліктерінің Таяу Шығыс, Орталық Азия және Шығыс Еуропа нарығын біріктіретін «EurAsia Gulf» ұйымы Қазақстандағы экономикалық бастамаларды жоғары бағалап отыр. Мамандар біздің елдің мұнай-газ өндірісінен басқа да салаларда мол табысқа кенеле алатынын айтады. Соның бірі логистика. Олардың айтуынша, Қазақстан президентінің халықаралық жүк және жолаушылар тасымалын арттыру жөніндегі тапсырмалары көп ұзамай нәтижесін береді.
Яс Сейдан, бизнес сарапшы:
- Қазақстанда бизнеспен айналысатын көп мүмкіндік көріп отырмын. Технология, денсаулық сақтау, медициналық және биологиялық ғылым, сондай-ақ әлбетте мұнай-газ саласы кәсіпкер атаулыға тартымды. Сіздің ел Орталық Азиядағы негізгі бизнес хаб. Қазір осы мүмкіндікті кәдеге жаратып, ұзақ жылдар бойы игілігін көретін сәт. Бұл тұрғыдағы бастамаларыңыз нәтижесіз болмайды.