Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Греция еліндегі Крит техникалық университеті – Ғылыми деректер зертханасының доценті, экономист Джордж Ацалакис елімізде қаралып жатқан жаңа Конституция қандай өзгеріс әкелетінін әрі әлем елдерінің Қазақстан жайлы пікірін айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгінгі таңда Америка Құрама Штаттары өзінің бұрынғы бағытын түбегейлі өзгертіп, соғыстан шығу жолын іздеп, бейбітшілік орнатуға ұмтылып жатыр. Тіпті олар жауапкершілікті қайта бөліп, АҚШ-ты бүкіл әлемдегі үздіксіз қақтығыстардың ауыртпалығынан босатуды көздеп отыр. Бұл – АҚШ президенті Трамп үшін тарихи шешім. Ол елге бейбітшілік орнатып, әр аймақтың жауапкершілігін өзіне қайтарды. Нақтырақ айтсақ, мысалы Еуропа өз қорғанысының шығынын өзінің мойнына алуы тиіс. Бұл шешім шегіну емес. Бұл – көшбасшылық, жаңа стратегия. Соның арқасында Американың қуатын қалпына келтіре отырып, ертеңгі күні мемлекет өз келешегіне дайын, біртұтас және тәуелсіз қарсы ала алады. Сондықтан АҚШ өз реформаларын жүзеге асыра отырып, болашағына дайындалып жатыр.
Вашингтонның Венесуэла мен Гренландиядағы стратегиясы жай ғана ресурстың қажеттілгінен деген шегінен шықты. Мәселе энергетикалық желілерді геосаяси бақылау, энергия ағындарын басқару және жаһандық нарық пен теңіз сауда жолдарына – мысалы, Гренландия – Исландия – Ұлыбритания өткелі мен Полярлық «Жібек жолына» әсер ету туралы болып отыр. Осы тәсіл одақтарды қайта форматтауға, экономикалық өзара тәуелділікті қайта анықтауға және тікелей әскери араласуынсыз энергетикалық картада АҚШ-тың позициясын нығайтуға бағытталған стратегияны сипаттайды. Мәселе «мұнайда» ғана емес, энергия жеткізудің халықаралық тізбектері мен қолжетімділікті бақылауда, ал бұл Вашингтонға жаңа келіссөздерде артықшылық пен басқа мемлекеттерге стратегиялық ықпал ету тетігін береді.
Ал АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас қатаң әскери және экономикалық бәсекелестікпен сипатталады. Дегенмен, прагматизм жағынан қарасақ, ашық соғыс ешбір тарапқа пайда әкелмейтінін көрсетеді. Өйткені екі ел арасындағы өзара экономикалық тәуелділік саяси маневр еркіндігін шектейді. Яғни, Қытайдың Америка нарығына экспорты және американдық құн тізбегін қамтамасыз ететін импорт пен инвестициялар қол байлайды. Осыны түсінген Вашингтон бәсекелестікте басым түсу үшін ең алдымен экономикалық құралдарды, яғни тарифтер арқылы әсер етуді таңдады. Осы саясат Қытай экономикасына қатты қысым көрсетіп, жұмыспен қамту деңгейіне әсер етті және жылжымайтын мүлік пен қаржылық қызметтер секілді негізгі сектордағы осал тұстарын аша түсті. Соның салдарынан Қытайдың қысқамерзімді тұрақтылығын одан әрі әлсіретті.
Қытайдың орасан зор сауда профициті әлемдік саудада теңгерімсіздік туғызып, осы жағынан ақсап жатқан елдер әрекет етіп жатыр. Олар сауда тапшылығынан туындаған капиталдың сыртқа ағылуын өтеу үшін қарыз алуға тиіс. Оның үстіне, тауарды өзіндік құнынан төмен сату сияқты жөн-жосықсыз әркеттер Қытайға жаһандық жеткізу тізбегінде үстемдік етуге және бәсекелестерін бейтараптандыруға мүмкіндік берді. Сондықтан АҚШ мұндай қадамға баруға мәжбүр. Қазір тоқыма бұйымдарынан электроникаға дейін, темір-терсектен ойыншықтарға дейін Қытайдан келеді. Енді Қытай әшейін аймақтық ойыншы емес, ешкім орнын алмастыра алмайтын тұлғаға айналды. Ал көп бәсекелесі нарықтан ығыстырылды.
Соңғы кездері Ресейдің халықаралық жүйедегі ықпалы біртіндеп әлсірей бастады. Ал 2022 жылы Украинаға қарулы қақтығыс жасағалы бұл процес күшейе түсті. Мәскеудің көршілес аймақтық проблемаларға назар аударуы және экономикалық қиындығы оның шешуші жаһандық басшы ретінде әрекет ету қабілетін төмендетті. Керісінше, Қытай өзінің экономикалық және геосаяси ықпалын кеңейте отырып, орталықтың күшіне айналды.
Геосаяси тұрғыдан алғанда, бұл өзгерістің салдары Ресей ықпалын одан әрі әлсірете бермек. Кезінде дәурені жүрген Кеңес Одағы ыдырап, Мәскеу өзінің әдеттегі Кавказ, Орталық Азия және Балтық жағалауы елдеріне деген белгілі бір дәрежеде ықпалын жоғалтты. Осы аймақтардың салыстырмалы әлсіздігі Ресейдің регрессі бұдан да күрделі мәселеге айналмауының себебі болды. Егер АҚШ пен Қытай арасында өзара түсіністік орнаса, Мәскеу өзінің тарихи бәсекелесі Қытаймен шекарада жаңа қауіпке тап болуы мүмкін. Әрине, Ресейдің ядролық қару бар, бірақ ондарй қару Ұлыбритания, Франция, Солтүстік Корея, Израиль, Үндістан және Пәкістанда да бар. Сондықтан Ресейді жаһандық емес, аймақтық держава ретінде қарастыру керек. Ал бүгінде жаһандық державаның санатын Америка Құрама Штаттары мен Қытай өзара бөлісіп отыр.
Қытай мен АҚШ-тың экономикалық өзара тәуелділігін ескерсек, олардың арасындағы келісім түбегейлі жаңа геостратегиялық негізді қалыптастырар еді. Мысалы, екі ұлы держава экономикалық немесе әскери текетірес күйінде болмайтын биполярлы әлем. Мұндай жүйелік өзгерістер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болған. Егер АҚШ пен Қытай бірге өмір сүру мәселесі бойынша өзара түсіністікке қол жеткізсе, кедергілер айтарлықтай болғанымен, халықаралық тепе-теңдік қайтадан екі полюстің айналасында бекиді. Дегенмен, қарулы қақтығыс қаупі айтарлықтай төмендейді. Бұл жағдайда Қазақстанның экспорты екі полюске де бағытталуы мүмкін.
Ресей халықаралық аренада ықпалын жоғалтқалы Еуропа мен Еуропалық Одақтың болашағына байланысты сұрақтар туындай бастады. Мәселен, Еуропалық Одақтың жиынтық ІЖӨ-сі (ЖІӨ) Қытайдың ІЖӨ-сінен сәл ғана асып тұр. Егер Еуропа осыған дейін бір рет болсын біртұтас мемлекет ретінде әрекет етсе, күмән жоқ әлемдік державаға айналар еді. Дегенмен егер АҚШ пен Қытай арасында өзара түсіністік орнаса, Ресейдің әскери қаупі шешуші фактор болудан қалса да жекелеген еуропалық мемлекеттер жаңа халықаралық тәртіпте екінші дәрежелі ойыншыларға айналады. Әрине, Еуропа үшін біртұтастық тиімді болса да, оларға қатты қажет немесе дереу қол жеткізетін дүние емес.
Сонымен, АҚШ пен Қытай қарым-қатынасы орталық геосаяси мәселе ретінде қарастырылады. Олардың ымыраға келіп, ынтымақтастықтың күшін ынталандыру үшін әлі де еңсерілмеген кедергілері бар. Шыны керек, мұндай ынтымақтастық бүкіл әлемде мәңгілік бейбітшілік сақталатынына кепіл бермейді. Бірақ халықаралық жүйеде белгілі бір деңгейдегі тұрақтылық пен тәртіпті қалпына келтіреді, әсіресе Қытайдың сауда профицит мәселесі шешілген жағдайда. Осы тараптан Қазақстанның экспорты, оның Еуропалық Одаққа географиялық жақындығына байланысты қосымша дами түсуі мүмкін.
Латын Америка төрт субрегионға бөлінеді. Атап айтсақ, олар – Мексика, Орталық Америка, Кариб бассейні және Оңтүстік Америка. Бразилия мен Кариб бассейніндегі кейбір аралдық мемлекеттерді қоспағанда, бұл аймақ тұтастай алғанда біртектіліктің жоғары деңгейін көрсетеді. Аймақ экономикасы негізінен шикізат пен табиғи ресурстар экспортына тәуелді. Аймақтың геосаяси жағдайы оның АҚШ жақындығы және басқа әлемдік аймақтардың қашықтығымен анықталады.
Салыстырмалы түрде шеттеу кезеңінен кейін, Америка Құрама Штаттары Монро доктринасы стиліндегі ұстанымды қолдана отырып, аймаққа белсенді түрде күш пен ықпалдық позициясын қайта оралтты. Жеткізу тізбегінің қауіпсіздігі мен жеткізушілердің географиялық жақындығына басымдық бере отырып, АҚШ Қытайдан келетін импорттың бір бөлігін Латын Американың импортпен алмастыруға ниетті. 1990-шы жылдары АҚШ импорты Жапониядан Қытайға ауысқаны сияқты, Америка Құрама Штаттары Қытайдан келетін жеткізілімге тәуелділікті азайтқан сайын Қазақстан да өз экспортын ұлғайта алады.
Жалпы Үкімет тиісті реформаларды ілгерілеткен сайын, Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші державаға айналады деп күтілуде. Өйткені ол сыртқы акторларға тәуелді болмай, елдің экономикалық және саяси тұрақтылық қажеттілігінде тепе-теңдікті сақтауға тырысады. Қазақстан сыртқы бағыттан ұлы державалар арасындағы бәсекелестіктен пайда көруге тырысады: қаржылық көмекке, инвестицияларға, ноу-хау мен дипломатиялық қолдауға қол жеткізуге ұмтылады. Бұл ретте қандай да бір жалғыз қамқоршыға шектен тыс байланып қалмауды да ойдан шығармайды.
Аймақтың даму бағытын анықтайтын негізгі сыртқы факторлар – Украинадағы, Ауғанстан мен Ирандағы ахуал. АҚШ, Қытай, Еуропалық Одақ, Түркия, Үндістан және Ресей арасындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік дәстүрлі тепе-теңдікті өзгертіп жатыр. Ресей өзінің қауіпсіздік кепілі ретіндегі тарихи рөліне күмән келгеніне көзі жетіп отыр. Оның үстіне Украинадағы соғыс Мәскеудің оңтүстікке күш көрсету мүмкіндігін шектеп, Орталық Азияда Қытай мен АҚШ-тың кеңінен геосаяси қатысуына жол ашты. Сонымен бірге, Ауғанстандағы тұрақсыздық пен Ирандағы туындағын саяси дүрбелең белгісіздікпен қатар мүмкіндік те туғызып отыр. Әсіресе, порттар мен көлік инфрақұрылымына қол жеткізсе, Қазақстанның сауда және энергетикалық бағыттарын түбегейлі өзгертеді.
Негізінде Қазақстан – әлемдегі ең ірі елдердің бірі бола тұра, өзіндік дәстүрмен шектелген ел. Өзінің жер аумағы кең, табиғи ресурсқа өте бай болса да, бірақ теңізге шығар жолы жоқ мемлекет. Оның халықаралық теңіз жолдарымен байланысы солтүстіктен – Ресей, не Таяу Шығысқа бастайтын оңтүстік/оңтүстік-батыс бағыты арқылы өтеді. Қазақстан Таяу Шығысты, әсіресе Иран арқылы өтетін дәліздерді теңізге шығатын тікелей стратегиялық жол ретінде қарастырады. Өйткені Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы арқылы жаңа транзиттік дәліздер мен сауда ағындарының ашылу перспективасы Қазақстанды нағыз көлік хабына айналдыру үшін өте маңызды.
Қазақстанның географиялық орналасуы оны стратегиялық қыспаққа қойып отыр. Себебі мемлекет өзінің мүмкіндігін шектейтін ұлы державалармен және тұрақсыз көршілермен қоршалған. Каспий теңізі арқылы байланыс ықтималдығы және Орта дәліз (Транскаспий бағыты) бойынша өтетін маршрут, соңғы уақытта дипломатиялық әрі саяси бастамалармен нығайтылған. Бұл – әлемдік нарыққа, яғни оңтүстік-батысқа, Таяу Шығыс пен халықаралық суға шығатын ең қысқа және стратегиялық маңызды жол. Мәселе Таяу Шығыстың созылмалы қақтығыстар мен тұрақсыздыққа байланысты бұл бағыты сенімсіз әрі Қазақстанның стратегиялық икемділігін шектейді.
2020 жылы, әуелде Авраам келісімдері Израиль мен бірқатар араб мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мақсатында басталған. Кейін, уақыт өте келе бұл бастама американдық ықпалына кетіп, әдеттегі Таяу Шығыс шекарасынан тыс жерлерде кеңейту (және жаңарту) платформасына айналды. Қазақстанның қосылуы – бұл бастаманың Орталық Азия елдерін қамтитын неғұрлым кең геосаяси өлшемге ауысқанын білдіреді. Оның ішінде өзіне тиісті артықшылығы мен тәуекелі де бар.
Қазақстанға «екі бағытта» шынайы дипломатиялық стратегия қажет: Ресей және Қытаймен тығыз экономикалық байланысты сақтай отырып, әртараптандыру және тиімді көпвекторлы саясат жүргізу үшін Авраам келісімнің мүмкіндігін пайдалану. Қауіпсіз транзиттік дәліздерді қамтамасыз ету (және қауіпсіздіктің кеңірек мәселелерін шешу) үшін Иранмен сенімді нығайту бойынша белсенді шаралар қажет. Қазақстан үшін Таяу Шығыс пен Батысқа қарай дипломатиялық байланысты нығайту – оның көпвекторлы сыртқы саясатының ұзақмерзімді стратегиясын көрсетеді, яғни ешбір жаққа эксклюзивті түрде байланбай, әртүрлі полюстермен бір мезгілде өзара әрекеттесуді көздейді.
Қазақстан Каспийдің шығысында және Түрікменстанның солтүстігінде орналасқандықтан, ол Әзірбайжанға қарағанда Таяу Шығыстан географиялық тұрғыдан алыс және оған тікелей ықпал ету жолы жоқ. Осы алшақтық Астананың Авраам келісіміне қол қою туралы шешімінің негізінде жатыр. Соның арқасында стратегиялық маңызды аймақта елдің қатысуы мен ықпалын күшейте алатын дәлізді қамтамасыз етеді.
Жақында Вашингтонда өткен саммитте қосымша маңызды экономикалық келісімдер де жасалды: маңызды пайдалы қазбалар, коммерциялық серіктестіктер және ірі технологиялық инвестициялар (мысалы, жартылай өткізгіштер/чиптер және жасанды интеллект) бойынша меморандумдарға қол қойылды. Авраам келісімдеріне қосылу, сондай-ақ, Америка Құрама Штаттарымен осы байланысты нығайтуға көмектесетін саяси қимыл ретінде де қызмет етеді. Сондықтан Қазақстанды Ресей мен Қытай сияқты әдеттегі серіктестерге азырақ тәуелді ете алатын капиталға, технологияларға және нарыққа қол жеткізе алады.
Қазақстанның Иран және Таяу Шығыс арқылы Парсы шығанағына шығуы – ірі араб мемлекеттерімен, ең алдымен Сауд Арабиясымен және Біріккен Араб Әмірліктерімен сауда, инвестиция және энергетикалық байланыс саласындағы ынтымақтастықты тереңдей түсуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Астана нәзік тепе-теңдікті сақтауы тиіс: оның аймақтық ықпалын нығайтатын түркітілдес елдермен (Түркия, Әзірбайжан) тығыз байланысты сақтай отырып, Тегеранмен экономикалық қарым-қатынасты тереңдетуі қажет. Түркия және Әзірбайжан елдері арасындағы терең мәдени-тарихи байланыс Астананың аймақтағы беделін арттыра түспек. Оған қоса, Иранның Анкара мен Тегеран арасындағы бұрыннан келе жатқан пантүріктік бастамаларға сақтықпен қарайтынын ескерсек, дипломатиялық ұстамдылықтың қажеттігін көрсетеді.
Түйіндейтін болсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде өзгермелі жаһандық ортаның барлық параметрлерін ескеріп, бейімделу мен төзімділік қажеттігін мойындай отырып, сондай-ақ уақытында қабылданған реформалар мен түзетулердің халыққа берерін көріп отыр. Жаңадан ұсынған Конституция жобасында Президент ұсынған реформалар Қазақстанға әсер ететін барлық аспектілерді қамтиды: география, саясат, экономика, қорғаныс, технология және мәдениет. Сондықтан мықты ел болуы үшін барлық секторларда түбегейлі қамтитын, ұзақмерзімді, табанды және ауыр өзгерістер қажет. Тарих көрсеткендей, қаржы жүйелері соқтығысқанда ең батыл ел емес, ең экономикалық тәртіпті ел жеңеді. Президент өзін уақыт талабына сай өлшеп, күш пен даналықты біріктіріп, қажетті шешім қабылдап отыр. Сондықтан бұл көшбасшылық жеңістің құнын ғана емес, ішінара жеңілістің құнын да өлшеуі керек тарихи сәт.