Қазақстан Орталық Азияның жасыл қалқаны бастамасын ұсынды

23.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

– Біз тиісті резолюцияға қол қоюды, өңірлік бағдарламаны іске қосуды, нақты жұмыс аймақтары мен өзара бірлесіп әрекет ету механизмдерін бекітуді ұсынамыз. Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімізбен айтарлықтай дайындық жұмысы атқарылды. Резолюция жобасы әзірленіп, орман өсірілетін учаскелер анықталды, – деді ол.

Бағдарламаға Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Қырғызстан атсалысады. Халықаралық серіктестер ретінде экология бағытында жұмыс істейтін халықаралық ұйымдар мен қорлар қарастырылып жатыр.

Ерлан Нысанбаевтың сөзінше, бұл бастама азық-түлік қауіпсіздігін, табиғи ресурстарды тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, аймақтық серіктестікті дамытып, климаттық өзгеріске бейімделуге жол ашады.

Демек, еліміз саяси декларацияны ғана емес, іс жүзінде жүзеге асыруға болатын тиімді жобаны ұсынып отыр. Орталық Азиядағы бес мемлекеттің әрқайсысы өз аумағындағы қай өлкелерге орман  өсіретінін өздері шешеді. Бірақ соның бәрі аймақ үшін ортақ жасыл қалқанға айналады. Сөйтіп, экологиялық ахуал оң динамикаға ұласады.

– Қазақстан қазірдің өзінде ағаш егу бойынша аймақтағы ең ірі жобалардың бірін іске асырып жатыр. Келесі қадам – жүйелі қорғаныс инфрақұрылымын құру. «Орталық Азияның жасыл қалқаны» – жаңа өңірлік экологиялық модель. Ол күллі аймақтың тұрақтылығына әсер етеді, – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін шаңды және құмды дауылдар жиілеп бара жатқанын жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью