Қазақстан Өзбекстан: Екі ел арасындағы теміржол жүктемесі 60 млн тоннаға жуықтайды

17.02.2026

7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстан мен Өзбекстан теміржол арқылы жүк тасымалы көлемін кезең-кезеңімен арттыруға уағдаласты.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы қорытынды бойынша екі ел арасындағы теміржол тасымалы 32,3 млн тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 16%-ға өскен.

Кездесуде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі бірлескен жоспар талқыланды. Атап айтқанда, Сарыағаш, Оазис және Сырдария түйіспелерінің өткізу қабілетін арттыру, сондай-ақ Дарбаза–Мақтарал учаскесін аяқтау көзделген.

Қазіргі таңда Сарыағаш арқылы тәулігіне 36 жұп пойыз өтсе, бұл көрсеткішті 40-қа дейін жеткізу жоспарланып отыр. Оазис бағытында – 2 жұптан 10 жұпқа дейін, ал Сырдария арқылы жаңа учаске іске қосылғаннан кейін тәулігіне 10 жұп пойыз жүреді.

Тараптар ынтымақтастықты кеңейтіп, алдағы жылдары жүк тасымалы көлемін 60 млн тоннаға жуық деңгейге дейін жеткізуге өзара мүдделі екенін растады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью