24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Биылғы 11 айда Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды. Қаңтар-қараша аралығында бауырлас елдер 4 млрд долларға алыс-беріс жасасқан.
Бұл жөнінде Өзбекстан статистика агенттігі хабарлады. Мәліметке сай, көрші елдің сыртқы сауда айналымы 59,4 млрд долларға жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 3,6%-ға өскен. Есепті кезеңде Қытай, Ресей, Түркия мен Қазақстан ресми Ташкент үшін сауда-саттық тұрғысынан негізгі серіктестер атанып отыр. Бұл ретте Өзбекстан Қазақстанға 1,3 млрд доллардың тауарын экспорттап, 3 млрд доллардан астам сомаға тауар импорттаған. Екіжақты сауда айналымының басым бөлігі – астық, жеміс-жидек, көкөніс және табиғи ресурстардың еншісінде.